Қазақтың даңқты бапкерін үйінде қонақ қылған Қанат Исламға ел риза болды

Источник: nur.kz

Белгілі қазақстандық бапкер Тұрсынғали Еділовті өз үйінде қонақ қылған Қанат Исламға жұрт риза болды. Бұл жаңалықпен дәстүрлі әнші Сәулежан Тақзия өз Facebook парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Өз жазбасында әнші танымал бапкердің ақыл-кеңесін тыңдағаны үшін риза болғанын айтқан.

"Қанат ағамның қара шаңырағында білікті бапкер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов ағамызға жайылған ақ дастарханның қонағы болдым. Қазақтың талай қарадомалақтарын тәрбиелеп, ел абыройын асқақтатуға ұлағатты ұстаз болған ағаның рухани әңгімесіне куә болдым. Ұлт үшін жасалған еңбегіңіз жана берсін", -деп жазған ол.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.